Оралда әскери қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау мәреге жетті (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа барар жол» атты Жолдауында, басқа да сөйлеген сөздерінде «Мәңгілік елге» айналу жолында мемлекеттік тілдің барлық қазақстандықтарды біріктіруші ретіндегі мән-маңызын атап көрсеткен болатын. Мемлекеттік тілді ҚР Ұлттық ұланы қатарында қызмет ететін өзге ұлт өкілдері де құрмет тұтады. Осының айқын көрінісіндей, ҚХА жылы аясында Оралда «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» байқауының екінші кезеңі мәреге жетті.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш сайысқа Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен және Орал қалаларынан бірінші кезеңде жеңімпаз атанған алты үміткер қатысып, бақ сынады.

ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшылығы тіл саясаты және ақпарат бөлімінің аға офицері, подполковник Чапай Сәкеновтің айтуынша, шара мақсаты - мемлекеттік тіл мамандарының кәсіби деңгейін көтеру, тілдің әскери бөлімдерде қолданылу аясын кеңейту, өзге ұлт өкілдері арасында насихаттау.

Үміткерлер байқау барысында өздерін таныстырып, қазақ тілінде туындылар оқыды, тарихи тұлғалардың айтқандарын еске түсірді, сахналық көріністер қойды. Қысқасы, тілді қаншалықты меңгергендіктерін көрсетті.

Атырау қаласындағы 5546-әскери бөлімінен келген сержант Вадим Грачев байқау жеңімпазы атанып, Астанада өтетін қорытынды кезеңге жолдама алды. Ақтөбе қаласындағы 6655-әскери бөлімінен ефрейтор Константин Андреади екінші, Оралдағы 5517-әскери бөлімнің кіші сержанты Николай Колесников пен Ақтаудағы 6656-әскери бөлім ефрейторы Денис Ващук үшінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар