20:53, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Оралда әскери қызметшілер марапатталды
ОРАЛ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - 7 мамыр күні ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай облыстық қазақ драма театрында өткен салтанатты жиында әскери қызметшілер марапатталды.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы қатысып, еліміздегі әскери қызмет саласының бүгінгі жетістіктерін айтты. Сондай-ақ әскери қызметтің абыройлы міндет екеніне тоқталып, сала қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік жиында ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Батыс құрамасының командирі, генерал-майор Бауыржан Әбжанов өңірдің шекара қызметшілерін, әскери прокуратура, әскери полиция, ҰҚК департаменті, әскери тергеу бөлімі, ҚР қорғаныс істері департаменті және жергілікті әскери бөлімдердің жетекшілеріне мерекелік медаль табыстады.