Оралда атыс болып, бір адам қаза тапты

ОРАЛ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 19 ақпан күні сағат 18.50-де беліне тиген оқтан жараланып, облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілген Орал қаласының 1976 жылғы тұрғыны, бұрын бұзақылығы мен адам бопсалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған А. көз жұмды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған азамат өзінің «БМВ-3» автокөлігімен әйелі және досымен бірге Партизан және Көкшетау көшелерінің қиылысына келіп, «Мицубиси-Паджероны» айдап келген Т. деген танысымен кездеседі. А. машинадан түскен кезде 20-30 жас шамасындағы еуропа нәсілдес белгісіз біреу оған бірнеше рет оқ атқан, соның біреуі беліне тиген. Сол бойда А-ның танысы автокөліктен аңшы мылтығын ала сала күдіктінің соңынан жүгіріп, оқ атқанымен, жете алмаған.

Жәбірленушінің үйін қараған кезде «БЕКАС» және «Байкал» маркалы аңшы мылтықтары табылған. Әйелінің айтуынша, бұл қарулар күйеуінікі болған, қашып бара жатқан күдіктіге оқ осы мылтықтан атылған.

Қазіргі кезде оқиға орны мен автокөлік қайта қаралуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға БҚО ІІД жеке құрамы тегістей жұмылдырылған.

ҚР ҚК 96-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар