Оралда ауа райына байланысты әуе рейстері кейінге шегерілді
Ауа-райының қолайсыздығынан Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы іліністің төмен коэффициентіне байланысты Air Astana-ның Орал-Франкфурт-Орал және Орал-Астана бағыттары бойынша, сондай-ақ Алматыдан Оралға және қайтар рейстері тоқтатылды. Бұл туралы Kazinform Air Astana-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына тамақ беріліп, тегін қайта брондау немесе билетті қайтару ұсынылды. Орал-Астана рейсінің жолаушыларына қонақүйге орналастыру, тамақтану және трансфер ұсынылды.
«Әуекомпания рейстерінің кешігуі және тоқтатылуы қауіпсіздік шараларынан туындағанын ескертеміз. Кідірістер туралы ақпарат алу үшін +7 7272 44 4478 жедел желі арқылы хабарласып, рейстердің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтында тексеруді сұраймыз», — деп түсіндірді әуе компаниясынан.