Оралда ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

ОРАЛ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 22 жыл толуына орай салтанатты жиналыс болды.
None
None

Онда облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен сөз алып, ауған соғысында қазақстандық, соның ішінде батысқазақстандық жауынгерлердің өз борыштарын адал орындағандығын атап өтті. Батыс Қазақстаннан мың жарымдай өрімдей жас аттанса, соның жиырма жетісі оралған жоқ. Бүгінгі таңда оларға туған жерлерінде үнемі құрмет көрсетіліп, еске алу шаралары ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ көзі тірі ардагерлер де қамқорлықтан кенде емес. Олардың жиырмадан астамына үй берілсе, 35-і жер телімдерімен қамтамасыз етілді.

Салтанатта ауған соғысы ардагерлеріне мерекелік медальдар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар