Оралда ауған соғысына қатысқандар ардақталды

ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы облыстық жастар шығармашылығы орталығында кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты жиын болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған бейнефильммен ашылған жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен сөз сөйлеп, бейбіт күнде өз борыштарын адал өтеген сарбаздар ерлігі, оларға бүгінгі таңда жасалып жатқан қамқорлық жөнінде айтып өтті. Аталмыш соғысқа қатысқандарға «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» мерекелік медалі табыс етіліп, қаза болғандар отбасына да көңіл бөлінді. Кездесу соңы ардагерлерге арналған концертке ұласты. Жиыннан кейін ауған соғысы ардагерлері Жеңіс алаңындағы Ауғанстанда қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіш пен қалалық бейіттегі жауынгерлер қабіріне гүл шоқтарын қойды.
Соңғы жаңалықтар