19:58, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Оралда ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі ашылды
ОРАЛ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда шілденің 1-інде ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарашаның 1-іне дейін созылатын жәрмеңке қалада осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбековтің айтуынша, қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, картоп сияқты өнімдер алқаптан жиналған бойда осында әкелініп сатылады. Бағасы базар нарқымен салыстырғанда 20 % арзан болады.
Жәрмеңкенің ойдағыдай жүруіне барлық жағдай туғызылмақ.
Әзірге жәрмеңкенің беташарына облысқа жақын орналасқан Теректі, Зеленов аудандарының көкөністері жеткізілді. Ерте піскен өнімдер көздің жауын алады. Сатушылардың көңілдері көтеріңкі, халық та риза.