11:34, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда автобуста жүру ақысы арзандады
ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда автобуста жүру ақысы арзандап, 45-тен 35 теңгеге түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаладағы жолаушылар көлігінде жолақы өткен жылдың қыркүйегінде қымбаттаған болатын. Бірақ содан бері жанар-жағар май құны әлдеқайда төмендеді. Сондықтан енді ересектер автобуста 35 теңгеден, балалар 15 теңгеден төлейді. Мұндай баға қаладағы барлық бағыттарда белгіленіп отыр.