Оралда автокөлік қағып кеткен ер адам ауруханаға жеткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автокөлік қағып кеткен ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 қараша күні шамамен сағат 09.00-де Орал-Желаев трассасында болды.

«Агран» ЖШС тұсында 68 жастағы жүргізуші «Лада 2107» автокөлігімен жаяу жүргінші өткелінде 49 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Соның салдарынан көптеген дене жарақаттарын алған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң жамбасы сынған, оған қоса денесі көгерген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ресейде жасалған қылмысқа қатысы бар 11 автомашинаның БҚО-дан табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар