Оралда автокөлік қаққан 70 жастағы зейнеткер ауруханаға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен ер адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда автокөлік қаққан 70 жастағы зейнеткер ауруханаға түсті

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 31 қаңтар күні С.Датұлы көшесі бойындағы «Сарыарқа» мейрамханасы тұсында болды.

Оқиға орнына жедел жәрдем сағат 11.35-те жетті. Автокөлік 1950 жылғы ер адамды қағып кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, аяғы сынған ер адам облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді. Егер ер адамның жарақаты ауыр болса, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Петровский көшесі бойында болды. Екі автокөлік соқтығысып, жедел жәрдем сағат 15.13-те барды.

1989 жылғы әйел адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер қарағаннан кейін ол үйіне жіберілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бес автокөлік соқтығысып, бір адамның қаза тапқанын, Оралда газдан уланған 58 жастағы ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.