Оралда автокөлік өртеніп, сәби қаза тапты

ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мамырдың 27-сінде Оралға қарасты Деркөл кенттік округінде қайғылы оқиға орын алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осындағы «Үміт» ықшамауданында тас жол жанында тұрған автокөлік отқа оранған. Өкінішке қарай, көлік ішіндегі 1 жас сегіз айға толған сәби «тілсіз жаудың» құрбаны болды. Оның қалайша жалғыз қалғаны белгісіз, қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары тексерілуде.

Биыл жыл басынан бері облыста барлығы 47 автокөлік өртенген.

Соңғы жаңалықтар