Оралда автокөлік қағып кеткен 15 жасар жасөспірім өте ауыр халде жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 15 жасар жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасында өте ауыр халде жатыр.

врачи, больница, медицина, дәрігер, аурухана
Фото: Александр Павский / Kazinform

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 24 маусым күні кешкісін Бірлік көшесі 23-үй маңында болды.

Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы өте ауыр.

Сағат 19.10-19.20 аралығында болған осы оқиғаға байланысты жасөспірімнің жақын-жуықтары куәгерлерді іздестіруде.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, жүргізуші «ВАЗ-21043» автокөлігімен Орал-Саратов тас жолы бойында белгіленбеген жерден өтпекші болған жасөспірімді қағып кеткен. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда оқ жарақатын алған полиция қызметкерінің көз жұмғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар