Оралда аймақтық телекөпір өтті

ОРАЛ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - 29 сәуір күні Елбасымыздың Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық филиалдары арасында аймақтық телекөпір өткізілді.
None
None

Оралдағы «Каризма» ЖШС-да өткен бұл шарада Батыс Қазақстан аймағындағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалар жөнінде кеңінен әңгіме болды. Аталмыш бағдарлама шеңберінде өзге облыстардағы секілді Ақ Жайық өңірінде де ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мәселен, өнеркәсіп өндірісі соңғы үш жылда 1,6 есеге жоғарылады. Өңдеу өнеркәсібінде өсім үш пайызды құрады. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру қарқыны жақсы. Соған орай «Оралагрореммаш» АҚ, газ-турбиналық станса, «Стеклосервис» ЖШС-ның бүгінгі тыныс-тіршілігі көпшілік назарына ұсынылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтің атап өткеніндей, Елбасымыздың алға қойған міндетіне сәйкес республикамыз әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына кіруі тиіс. Осы орайда үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының атқарар рөлі зор. Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасы аясында 1700 жұмыс орнын ашу арқылы 256 млрд. теңгенің 33 инвестициялық жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда оның 29-ы іске қосылып, 1200 тұрақты жұмыс орны құрылды. Соңғы екі жылдың ішінде облысқа 336 млрд. теңге шамасында инвестиция тартылып, бюджетке 84 млрд. теңге көлемінде салықтық түсімдер түсті. Бұл өз кезегінде аймақ экономикасының шикізаттық емес секторының 5,3 пайызға өсуіне, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің бір адамға шаққанда 27 мың АҚШ долларын құрауына мүмкіндік берді. Келесі жылы аталмыш бағдарламаға бес жыл толмақ.

«Каризма» ЖШС-ның директоры Өзгур Димерал бүгінде өздерінің құрылыс және ағаш өңдеу өнеркәсібін жолға қоюға мемлекеттік бағдарламалар көп көмегін тигізіп жатқанын жеткізді. Соның арқасында олар 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Телекөпір соңында төрт облыстың кәсіпкерлері үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қуаттайтыны және оған барынша атсалысуға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, қазақстандықтардың әл-ауқатын артыруға белсене араласуға дайын екендігі туралы үндеу қабылдады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ БҚО филиалының директоры Асланбек Ғұбашевтің айтуынша, ұлттық арна биылдан бастап аймақтық телекөпірлер жобасын қолға алды. Бұл аймақтардың бір-бірін жете білуді көздейді. Бірінші телекөпірді еліміздің оңтүстік өңіріндегі филиалдары ауыл әкімдерін сайлауға арнап өткізді. Батыс Қазақстандағы төрт филиал (модераторы - БҚО филиалы) үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын таңдап алды. Келесі телекөпірді қыркүйек айында өткізу жоспарланып отыр. Онда кәсіптік оқу жөнінде әңгіме өрбімек.

Соңғы жаңалықтар