Оралда азаматтарды алдап, алаяқтық жасаған әйел сотталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Аталған әйел «Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ кезекші диспетчері қызметін атқара жүріп, 2007 жылғы маусымда П. деген азаматпен танысқан. Адаеваның қайда жұмыс жасайтынын білген П. ҚР тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған ипотекалық тұрғын үйді алуға құжаттарды тапсыру тәртібін сұрастырған.
Пайда көру мақсатымен А.Адаева мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алғысы келетіндердің көп екенін және тұрғын үй комиссиясының мүшелеріне пара бермей, тұрғын үй алу мүмкін еместігін, өзінің қызмет жағдайына байланысты бұл мәселеде көмектесе алатынын айтып П-ны сендірген. Ол үшін 250 000 теңге қажет екенін, ол ақшаны комиссия мүшелеріне пара ретінде беретінін айтқан. Ақыры А.Адаева ақшаны алып, өзі иемденіп кеткен.
Бұдан басқа, А.Адаева 2007 жылғы қазаннан 2009 жылғы қарашаға дейін осындай «жолмен» тағы да үш азаматқа «көмектескен» және сөйтіп жеке бюджетін 1,4 млн. теңгеге толықтырған.
Егер де оның «клиенттерінің» бірі қаржы полициясына арыз жазбаса, бұл алаяқтың торына тағы неше адам түсері белгісіз еді.
2009 жылғы қарашада А.Адаева кезекті «құрбанынан» 746 мың теңге алу үстінде ұсталды.
Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша А.Адаеваға қатысты ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағы (алаяқтық), 312 б. 4 б. «б,в» т. (пара беру) бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Орал қалалық соты А.Адаеваны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті.