Оралда бадминтоннан халықаралық жарыс жеңімпаздары анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда бадминтоннан ересектер арасында «Condensate Apacs Kazakhstan International Series 2018» халықаралық турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

International сериясына жататын жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Молдова, Австралия елдерінен жетпістей спортшы қатысып, бақ сынады.

Олар олимпиадалық ойын түрі саналатын бадминтоннан ерлер мен әйелдер арасында жекелей, жұптық сында, сондай-ақ микстен шеберлік байқасты. Оған қоса сәтті өнер көрсеткендердің халықаралық бадминтон федерациясы рейтингісіндегі орындары жоғарылайды.
null 

 Турнир қорытындысында ерлер арасында жекелей сында қазақстандық Дмитрий Панарин, әйелдерден ресейлік Анастасия Редькина чемпион атанды. Жұптық сында қазақстандықтар Артур Ниязов пен Дмитрий Панарин, әйелдерден ресейліктер Екатерина Кадочникова мен Анастасия Редькина озып шықты. Микстен ресейліктер Родион Каргаев пен Виктория Воробьева жеңіс тұғырына көтерілді.
null 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бадминтоннан Оралда халықаралық жарыс өтіп жатқанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум