Оралда «Бағдаршам-2009» атты жасөспірім жол инспекторларының облыстық слеті мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында жасөспірім жол инспекторларының облыстық слеті мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірде төртінші рет өткізіліп отырған шараға биыл алғаш рет барлық аудан оқушылары қатысты және бәрі талапқа сай арнайы киіммен қамтылған. Бір ерекшелігі, сайыскерлердің көпшілігі ауыл мектептерінен келген. Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сабыровтың айтуынша, облыстық жол полициясы басқармасымен бірлесіп өткізіп жүрген шаралардың нәтижесінде оқушылар тарапынан жол ережесін бұзу деректері азайып келеді. Мектептерде жас жол инспекторының кабинеті ашылып, қажет құрал-жабдықтармен қамтылуда. Слет қорытындысында Орал қаласындағы №41 орта мектеп оқушылары жеңімпаз атанса, тасқалалықтар мен жаңақалалықтар қалған жүлделі орындарды бөлісті.
Соңғы жаңалықтар