Оралда балабақшада шкафтың құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. KAZINFORM – Оралда балабақшада шкафтың құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

1 аптада елімізде 2 647 қылмыс жасалды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш оқиғаға орай Орал қаласы полиция басқармасы істің мән-жайын анықтау үстінде.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бабалақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиеші жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда балабақшада шкафтың құлауына байланысты тәрбиеші жауапқа тартылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар