17:24, 25 Қараша 2015 | GMT +5
Оралда балабақшаның екінші қабатынан баланың құлап кетуіне байланысты тексеру жүргізілуде
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралға қарасты Зачаган кентіндегі «Арман» шағынауданында №50 «Заңғар» балабақшасында оқыс оқиға орын алды.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 10.00 шамасында екінші қабаттан 2011 жылғы бүлдіршін құлап кеткен. Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабы 1-бөлігіне сәйкес (балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндетін орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы оқиғаға орай тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде орта дәрежелі жарақат алған бала анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасында емделуде. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Райса Мұхтарованың айтуынша, баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің жіті бақылауында.