Оралда балабақшаның төбесі құлады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қардың жиналып қалуына байланысты балабақшаның төбесі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 12 ақпан күні сағат 08.20-да болған.

Т.Масин көшесі 44-мекенжайында орналасқан №19 «Золотой петушок» балабақша-яслиі шатырының бір бөлігі опырылған. Оның көлемі - 35 шаршы метр. Төбенің жалпы алаңы - 500 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына ТЖ департаментінен 3 қызметкер бір техникамен барды. Сондай-ақ, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және білім беру бөлімдерінің өкілдері болды.

Биыл облыста қардың мол түскені белгілі. Сондықтан ТЖ департаменті әлеуметтік мекемелер, мектептер мен балабақшалар басшыларына төбелерді қардан уақтылы тазартуға кеңес беріп отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйдің төбесі құлағанын жазған болатынбыз.

null



Фото: mgorod.kz

Соңғы жаңалықтар