Оралда «Балалар кітабы» апталығы өтті

ОРАЛ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында 2-6 сәуір аралығында «Балалар кітабы» апталығы өтті.
None
None

Осыған орай әр күн сайын бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Солардың бірі - 5 сәуір күні аталмыш кітапхананың балалар оқу залында өткен «Болашаққа кітаппен» атты оқырман байқауы. Мақсат - оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық қабілетін дамыту. Шарада балаларға кітап беттерінен алынған танымдық, қызықты сұрақтар қойылып, жаңа кітаптармен таныстырылды.

Ескен Елубаевтың 70 жасқа толу мерейтойына орай «Әрбір бала - бір әлем» тақырыбында кітапханада әңгіме, ойын өткізілді. Мақсат - ақынның өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру, кітап оқуға тарту. Шара барысында жас оқырмандарға ақынның өмірі жайлы қысқаша айтылып, оның «Зерек бала», «Қолғабыс» өлеңдері оқылды. Жұмбақтары жасырылды.

Бұдан бөлек «Өнер әлеміне саяхат», «Жақсылықтың жаршысы  - ертегілер» сынды шаралар өтті.

Соңғы жаңалықтар