11:53, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Оралда бастапқы медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру мәселесіне арналған тренинг өткізілуде
ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда Самара мемлекеттік медицина университетінің мамандары 10-19 қараша аралығында бастапқы медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру мен беру бойынша медбикелер біліктілігін арттыруға арналған тренинг өткізуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, елу аға медбикеге аталмыш университеттің медбике білімі институты (директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сергей Двойников, м.ғ.д., профессор Лариса Карасева), алдын алу орталығының директоры Галина Тихонова және басқа профессор-оқытушылары дәріс беруде.
Аталмыш шара мақсаты тұрғындарға бастапқы медициналық көмек беру сапасын арттыру болып табылады.