13:24, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
Оралда «Белес» сауда белгісінің таныстырылымы болды
ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында «АгроТраст» ЖШС диірмен комбинаты өнімдерінің «Белес» сауда белгісінің таныстырылымы болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Зеленов ауданы Белес ауылында ашылған диірменге «Бюллер» фирмасының жабдығы орнатылғандықтан, оның өнімі әлемдік талаптарға сай келеді. Аталмыш серіктестік директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Жәкібаевтың айтуынша, қазірдің өзінде саудаға түсе бастаған «Белес» ұнының бағасы өзгелерден жоғары емес, бірақ анағұрлым сапалы. Қазір ұнның бес сорты шығарылып жатса, болашақта ол жетіге жеткізілмек. Сондай-ақ «АгроТраст» ЖШС наубайхана мен макарон өндірісін де жолға қоймақшы.