18:19, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда белгілі ақын М.Қосымбаевтың «Адыраспан» жыр жинағы жарық көрді
ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы «Ағартушы» баспасынан белгілі ақын Мэлс Қосымбаевтың «Адыраспан» жыр жинағының сүйінші данасы жарық көрді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кітапқа алғысөзді атақты жазушы Әбіш Кекілбайұлы жазып, ақын шығармашылығына жоғары баға берген. Жасынан айтыс көгінде жарқырай көрінген Мэлстің тырнақалды жинағы 1992 жылы «Жанартау» деген атпен аудандық баспаханадан басылып шыққан болатын. Сондықтан қатты мұқабамен, суреттерімен жарық көрген «Адыраспанды» толыққанды алғашқы дүние деуге болады.