Оралда белгілі футболшы А.Ионкинді еске алуға арналған жарыс өткізілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнир қорытындысында 1996 жылғы ойыншылардан құралған БҚО құрамасы жеңімпаз атанса, «Ақтөбе» - екінші, Теректі ауданының «Подстепный» командасы үшінші орынды еншіледі. Азамат Молдабергенов («Ақтөбе») - үздік шабуылшы, Қуанышбек Досқалиев («Подстепный») - үздік қақпашы, Роман Есмұқанов - үздік қорғаушы, Иван Антипов (екеуі де БҚО құрамасынан) мерген ойыншы атанды. Техникалық жағынан ең үздік ойыншы атағын БҚО құрамасынан Сұлтанбек Хасанов иеленді.
Облыстық футбол федерациясының президенті Рашид Хуснутдиновтың айтуынша, келесі жылы турнир мамыр айында ұйымдастырылып, халықаралық сипат алатын болады. Оған Қазақстан жасөспірімдер құрамасымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украинадан командалар шақыру көзделіп отыр.