Оралда белгілі композитор Б.Қыдырбектің авторлық кеші өтті

ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында белгілі сазгер, Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбектің авторлық кеші болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл шара Қазақстан Композиторлар одағының 70 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің (дирижерлары Қырымгерей Қажымов пен Еркін Нұрымбетов) сүйемелдеуімен Жұмағаным Рахимова, Қатимолла Бердіғалиев, Мұрат Әмірханов сынды танымал әншілер композитордың туындыларын орындады. Кеште сазгердің концерттік шығармалары да орындалды. Б.Қыдырбектің айтуынша, одақ мерейтойына байланысты мұндай шаралар Алматы, Астана қалаларында және облыстарда өткізілуде.
Соңғы жаңалықтар