17:35, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Оралда бес көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын бастауға 1,5 млрд. теңге бөлінді
ОРАЛ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Орал қаласында биыл тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы бес көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын бастауға 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Қала әкімі Болат Шәкімовтің сөзіне қарағанда, қала әкімдігі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселесін де ұдайы назарда ұстап келеді. Өткен жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге жұмсалды. Осы қаржыға «Сарытау» шағынауданы, Деркөл, Серебряков, Зачаган кенттері, Оралдың солтүстік-шығыс бөлігінде инженерлік желі тартылды.
Биыл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту бағытында 37 нысан бойынша 1,3 млрд. астам теңге қарастырылды. Сонымен қатар Желаев кентін сумен қамту және кәріздік жүйе құрылысын жалғастыруға 654 млн. теңге берілді.