13:39, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Оралда бесінші қабаттан секірген адам аман қалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін ер адам көп қабатты үйдің терезесін сындырып, секіріп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, 1986 жылғы ер адам Еуразия даңғылы 89-мекенжайында орналасқан «Гауһар» жатақханасының 5 қабатынан секіріп, «Строй Дом» құрылыс дүкенінің төбесіне түскен. Содан ол облыстық ауруханаға жеткізілген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералиннің сөзіне қарағанда, ер адам түнде облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен кезде мас күйінде болған. Жағдайы ауыр, бірақ айтқанды түсінеді. Оң жамбасы сынған, бүйрегіне зақым келген.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.