Оралда бейбіт кезеңде екі мәрте батыр атағын алған жалғыз қазақ - Н.Майдановтың мүсіні ашылды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы әскери-техникалық мектеп алдында атақты ұшқыш, Кеңес Одағының және Ресей Батыры, полковник Николай (Қайыргелді, Қайырболат) Сайынұлы Майдановтың (1956-2000) мүсіні ашылды.
None
None

Ресейден келген Н.Майдановтың қызметтестері, сондай-ақ тума-туысқандары қатысқан шарада облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің атап өткеніндей, Николай Майданов - бейбіт кезеңде екі мәрте батыр атанған жалғыз қазақ. Ол асқан батырлығымен талай адамды ажалдан құтқарды. Ерге деген құрмет алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

Батырмен қызметтес болған ресейлік досы, доғарыстағы полковник Александр Дзюба естелігімен бөлісіп, Николай Майдановтың қысқа да ерлікке толы ғұмыр сүргендігін атап өтті.

Айта кетейік, Николай Майданов Сырым ауданының Тасқұдық ауылында 1956 жылы дүниеге келіп, 1973 жылы Теректі ауданының Шағатай ауылындағы орта мектепті бітірді. Саратовта жоғары әскери ұшқыштар даярлайтын училищеде оқып, әскери ұшқыш ретінде Ауғанстанда қызмет етті. 1250 рет әуеге көтерілген ол ұрыс алаңынан 85 жаралы сарбаз бен сардарды алып шығып, мыңға дейін десантшылар мен 100 тонна жүкті діттеген жерлеріне жеткізді. Н.Майданов өзінің тікұшағымен талай мәрте батыл да дәл қимылдай білді. Сонда көрсеткен қаһармандығы үшін 1988 жылы Кеңес Одағының Батыры атанды. Содан соң Ресей Қарулы күштері қатарында болған ол 2000 жылы 29 қаңтарда Шешенстандағы соғыста ерлікпен қаза тапты. Сол үшін полковник Н.Майдановқа Ресей Батыры атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар