19:08, 03 Маусым 2013 | GMT +5
Оралда бір күнде төрт балалар спорт алаңы ашылды
ОРАЛ. 3 маусым. ҚазАқпарат - 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орал қаласында бірден төрт балалар спорт алаңы ашылды.

Жәңгір хан көшесіндегі көп қабатты үйлердің ауласында салынған алаңқайдың ашылуына қала әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Оның айтуынша, мұның бәрі балалардың дені сау болып өсуі үшін жасалуда. Бұл ойын алаңдарынан талай жас үлкен спортқа қадам басып, олардың араларынан ел намысын қорғайтындар шығары анық.
Осы жазда әлі мұндай 12 алаңқай балалардың игілігіне берілмек. Салтанатты шарада әкім балалар аула клубтарына спорттық жабдықтар тарту етті.