Оралда бір жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше «Астана» шағынауданында оқыс оқиға орын алып, көп қабатты үйдің бесінші қабатынан бір жасар бала құлап кеткен.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәліметке қарағанда, бала сол бойда облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Басынан жарақат алған оның миына зақым келген, жамбасы, жағы сынған. Баланың жағдайы әлі де ауыр. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде ем-шара жасалуда.

Соңғы жаңалықтар