Оралда бірнеше көлік соқтығысып, үш адам жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бірнеше көлік соқтығысып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 5 мамыр күні Еуразия даңғылы бойындағы орталық мешіт маңында болды. Екі автокөлік және мотоцикл соқтығысқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 23.15-те шақыртылды.

«2003 жылғы бозбала, 1997 және 1994 жылғы екі ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша олар бас пен мидың жабық жарақатын алған», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеңіл автокөліктің мотоциклмен келе жатқан адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар