Оралда жеңіл автокөлік мотоциклмен келе жатқан адамды қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жеңіл автокөлік мотоциклмен келе жатқан адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 1 мамыр күні М.Өтемісов пен Көкшетау көшелерінің қиылысында орын алды.

«Соның салдарынан 1962 жылғы мотоцикл жүргізушісі зардап шекті. Жедел жәрдем сағат 11.21-де оқиға орнына келді. Ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Тұрғындардың айтуынша, бағдаршам мен автокөліктердің жүрісін баяулататын кедергі болмағандықтан, осы екі көшенің қиылысында жол-көлік оқиғасы жиі орын алады.

«Аптасына кемінде үш-төрт автокөлік соқтығысады. Бұдан бірнеше күн бұрын автокөліктер соқтығысып, электр бағанын сындырып кеткен. Автокөліктер жаяу жүргінші жолына қарамайды. Осы тұстан мектеп оқушылары да жиі өтеді. Сондықтан бағдаршамның болғаны дұрыс қой», дейді тұрғындар.
null

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда үш автокөлік соқтысып, бір адамның жарақат алғанын, БҚО-да оқушылардың көлікпен аударылуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар