01:54, 05 Сәуір 2015 | GMT +5
Оралда биыл қос бірдей ірі мәдениет нысаны пайдалануға берілмек
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында биыл қос бірдей ірі мәдениет нысаны пайдалануға берілмек.

Облыстық құрылыс басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Достық үйін «Отделстрой» ЖШС салуда. Бұл нысанға биыл 482,9 млн. теңге бөлінсе, бірінші тоқсанда соның 50 млн. теңгесі игерілген. Өткен жылы 20 млн. теңге жұмсалған болатын. Достық үйін биылғы қазанға тапсыру жоспарланып отыр.
Ал «ҚПО б.в.» компаниясы есебінен салынып жатқан Қадыр Мырза Әли атындағы шығармашылық үйінің құрылысы аяқталып қалды. Құны 825 млн. теңге тұратын бұл нысанды «Болашақ-Т» ЖШС таяуда іске қоспақ.