Оралда БҚО прокуроры көмекшісін ұрған адам сотталды

ОРАЛ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Орал қалалық соты БҚО прокуроры көмекшісінің соққыға жығылу ісі бойынша үкім шығарды.
None
None
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл оқиға биылғы 5 маусым күні орын алды. Қаланың қақ ортасында прокурор көмекшісін біреу ұрып кеткен. Тергеу жорамалы бойынша прокурор бейтаныс адамға машинасының жарығы жанып тұрғаны жөнінде ескерту айтқан. Сотталушы сол үшін прокурордың көмекшісін автокөлігінен шығарып алып, темірмен басынан екі рет ұрған да, бой тасалаған. Соның салдарынан жәбірленуші басынан және мойын омыртқа тұсынан жарақат алған. Сотталушы қасақана ауыр дене жарақатын салғаны үшін ҚР ҚК 103-бабы 2-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады.
Соңғы жаңалықтар