Оралда Д.Қажымов әндерін орындаушылардың «Ақжайық - ару мекенім» І республикалық ән фестивалі өтуде

ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында белгілі әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Донеділ Қажымовтың 60 жылдығына арналған «Ақжайық - ару мекенім» І республикалық ән фестивалі өтуде.
None
None

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш ән фестиваліне барлығы 11 жас орындаушы қатысуда.

Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың айтуынша, Ақ Жайық өңірі - ежелден таланттарға бай өлке. Осындай өнер додасының ұйымдастырылуы тегін емес. Бұл фестиваль жас дарындардың бағын ашып, үлкен сахнаға жол бастары сөзсіз.

Фестивальға қатысушылар Донеділ Қажымовтың сыршыл да сазды әндерін орындайды. Олардың ішінде «Ақ Жайық - ару мекенім», «Екеуміз» сынды кеңінен танылған шығармалар да бар.

Өнер додасы бүгін мәреге жетіп, жеңімпаздар мен Донеділ Қажымовтың қатысуымен мерейтойлық концерт өтеді.

Соңғы жаңалықтар