20:57, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Оралда «Дала дарындары» байқауы мәреге жетті
ОРАЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Оралдағы Жастар мәдениет сарайында «Дала дарындары» облыстық байқауы қорытындыланды.

Классикалық музыка, журналистика, бейнелеу өнері, халық музыкасы, үздік әдеби шығарма, вокалдық топтар мен сатира жанры аталымы бойынша өткен байқауға 16-32 жас аралығындағы 80 өнерпаз қатысты.
Аудан-қалада жүлделі орынға ие болған өнерлі жастар арасынан оза шауып, бәйгені бермеген оралдықтар Асқат Әбдешов (бейнелеу өнері), Илья Козырев (скрипка) пен Ұлпан Кенжина (академиялық ән салу), зеленовтық Жеміс Лұқпанова (әдеби шығарма) мен Надежда Глазовалар (фортепиано) Астана қаласында өтетін республикалық «Шабыт» фестиваліне жолдама алды.