Оралда дауыс берген танымал өнерпаз «Атамекен» әнін орындады

ОРАЛ. KAZINFORM — Бүгін Орал қаласындағы № 230 референдум учаскесінде Ақ Жайық өңірінен шыққан танымал өнерпаз, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының солисі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайырханов дауыс берді. 

Оралда дауыс берген танымал өнерпаз «Атамекен» әнін орындады
Фото: видеодан алынған скрин

Айбар дауыс беріп қана қоймай, өзінің визиттік карточкасына айналған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін (сөзін жазған Қадыр Мырза Әлі) шырқап, дауыс берушілерді бір серпілтті. 

БҚО аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне қарағанда, Орал қаласында 136 учаске қалыпты жұмыс істеп жатыр. Облыс орталығында дауыс беру құқығы бар 237 532 адам тіркелген. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда референдум күні 489 учаске жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.

Айта кетелік бүгін референдум басталды, ел халқы өз таңдауын жасайды

Соңғы жаңалықтар