18:13, 16 Қазан 2013 | GMT +5
Оралда дойбыдан ардагерлер арасында жарыс мәреге жетті
ОРАЛ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында қайырымдылық айлығы аясында дойбыдан ардагерлер арасында облыстық турнир мәреге жетті.

Оған Теректі, Ақжайық аудандарынан және Орал қаласынан отыздан астам дойбышы қатысты. Жарыстың бас төрешісі Данияр Жұмагелдиевтің айтуынша, жарыс тартысты өтті. Ардагер дойбышылардың көпшілігі - бұдан бұрын да тұрақты қатысып жүргендер.
Турнир қорытындысында ерлерден Владимир Коровкин жеңімпаз атанса, әйелдерден оралдық Людмила Ермолаева үздік атанды. Жарысқа қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар табыс етіліп, оларға мерекелік дастархан жайылды.