17:17, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда Дүниежүзілік сайлау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды
ОРАЛ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақпанның 6-сында Орал қаласында Дүниежүзілік сайлау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Оразғалиев, облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары Күнсәуле Аралбекова атап өткеніндей, Еуропа елдері сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасына сәйкес ақпанның 7-сінде сайлау күні аталып өтіледі. Мұндағы басты мақсат ? қоғамда демократиялық құндылықтарды орнықтыру. Бұл ретте Ата заңға сәйкес елімізде әр азамат сайлауға қатысып, сондай-ақ сайлана да алады.
Шара барысында жасы он алтыға толған жасөспірімдерге жеке куәліктер табыс етілді. Олардың атынан сөз алған Валентина Сластина болашақта Қазақстанның алдыңғы қатарлы елдер сапына қосылуы үшін өз үлестерін қосатындықтарын білдірді.