Оралда егде әйелді автобус басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда егде әйелдің өмірін қиған жол апатына кінәлі деген күдікпен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Сот-медициналық сараптамалардың қорытындысы бойынша, әйел адам автобус басып кетуі салдарынан қайтыс болған», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Оның сөзіне қарағанда, адам қаққан автобус жүргізушісі ұсталған. Қазір оны тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар