Оралда екі күнде 2 ер адамның денесі табылды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында екі күнде 2 ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бірінші оқиға 11 шілде күні болған.

Сағат 17.30-да Исатай-Махамбет көшесі 79-үйдің жанынан 68 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

Аталған азамат биылғы 4 маусымнан бастап із-түзсіз жоғалып кетіп, іздестірілген.

Сондай-ақ 12 шілде күні сағат 10.30-да Х.Чурин көшесі бойындағы үйдің пәтерінен 63 жастағы ер адамның денесі табылды.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

«Екі дерек те сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен 64 жастағы ер адамның мерт болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар
telegram