Оралда екі тұрғын үйде өрт болып, 17 адам эвакуацияланды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 қазан күні болды.
Сағат 16.02-де Гагарин көшесі 105/2-мекенжайында орналасқан төрт қабатты үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.
Тұрғын үйдің 26-пәтерінде асүйде жиһаз бен жеке заттар отқа оранды.
Оқиға орнынан 9 адам шығарылды, оның төртеуі - балалар. Аталған пәтер иесі - әйел адам құтқарылды.
Өрт департамент күшімен (7 қызметкер, 2 техника) 16.25-те сөндірілді.
Сонымен қатар кеше сағат 22.12-де Зачаган кенті Жәңгір хан көшесі 43-мекенжайында 9 қабатты жатақханадан өрт шықты.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жатақханасының екінші қабатындағы 215-бөлмеде жеке заттар жанды. Оқиға орнынан 8 студент эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ.
«Тілсіз жау» сағат 22.57-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге 9 қызметкер 3 техникамен жұмылдырылды.
Қазіргі кезде өрт оқиғаларының шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, Оралда ток соққан 26 жастағы жұмысшының қаза тапқанын жазған болатынбыз.