08:13, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Оралда экологиялық бағыттағы бірлестіктердің жұмысын ширатуға арналған семинар өткізілді
ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда экологиялық бағыттағы бірлестіктердің жұмысын ширатуға арналған семинар өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Экожиында облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов облыста осы бағытта бірқатар шаралардың атқарылып жатқанын, үкіметтік емес ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне белсене араласып отырғанын атап өтті.
Қазіргі кезде қазақстандық-чехиялық экологиялық жоба жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың бір-бірімен тіл табыса жұмыс жасауы көзделуде. Семинарда сөз сөйлеген Чехия Республикасынан келген сарапшы Павел Чинчера аталмыш шараның мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың қажетті ақпараттар ала біліп, экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға нақты қатысуын қамтамасыз етуге ықпал жасау екенін айтты.