Оралда «Экономикалық дағдарыс кезеңіндегі еліміздегі әйелдер рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды

ОРАЛ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Экономикалық дағдарыс кезеңіндегі еліміздегі әйелдер рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Онда кітапхана директоры Роза Исатаева ел экономикасын еселеуге әйелдер де үлес қосып отырғанын айтса, «Заман» БҚО кәсіпкерлері қауымдастығының директоры Айгүл Түркина шағын және орта бизнесті дамытуға бөлініп жатқан қаржының кәсіпкер әйелдерге де жетуі қажеттігіне тоқталды. «Юрист» құқықтық базасы филиалының меңгерушісі Ирина Трактирова әйелдерге, олардың қоғамдық бірлестіктеріне заңдылық жағынан көмектесуге әзір екенін білдірсе, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Мира Бердіғалиева әйелдердің қоғамдағы орны, отбасы институтын дамыту мәселелерін қозғады. Басқосуда пікірлескендер дағдарыстан бірлесіп шығар жол іздеу қажеттігі туралы ортақ тоқтамға келді.
Соңғы жаңалықтар