Оралда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тәуелсіздік залына Орал қаласындағы ЖОО-лар студенттері келіп, мұражай директорының орынбасары Гүлсім Сапуанова ел тәуелсіздігі жылдарындағы Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамыту жолында сан алуан жасампаз істер тындырылғанын әңгімеледі. Мұражай қызметкері Самал Бисенова келушілерді залдағы жәдігерлермен таныстырды. Олардың ішінде Қазақстан Туы, Елтаңбасы, Ата заңы, тарихи суреттер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы қалған құрметті қонақтарға арналған кітап бар.
«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Асланбек Сарқұлов осындай шараның «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбымен республика көлемінде ұйымдастырылып отырғанын айтып, көрменің маңызына және жастардың қашанда отансүйгіштік пен туған жерге адалдық мұраттарына сай болуы керектігіне тоқталды. Сонан кейін көрме қонақтарына Астана туралы шағын бейнефильм көрсетілді.