Оралда энергетиктердің кәсіби мерекесі атап өтілді

ОРАЛ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-да 22 желтоқсан күні энергетиктер күніне және облыста алғашқы электр стансасының іске қосылғанына 100 жыл толуына орай салтанатты жиналыс болды.
None
None

Оған қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың атап өткеніндей, соңғы он жылда энергетика саласында үлкен жұмыстар жасалды. Бұрын өңір ресейліктерге тәуелділікті сезініп келсе, қазіргі таңда облыс бұл жөнінен тәуелсіз деуге болады. Өңірде электр стансалары салынып, желілер мен қосалқы стансалар жаңғыртылуда.

Аталмыш компания деректеріне сәйкес жабдықты жөндеу мен техникалық қайта құруға соңғы бес жылда 568 млн. теңге жұмсалды. Мұндай жұмыс алда да жалғасатын болады.

Салтанатты жиында сала үздіктері мен ардагерлеріне облыс әкімінің алғысхаттары, басқа да марапаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар