Оралда ер адам сегізінші қабаттан секіріп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында ер адам сегізінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда ер адам сегізінші қабаттан секіріп кетті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 29 желтоқсан күні шамамен сағат 18.30-да Х.Есенжанов көшесі 20-мекенжайда болды.

Сегізінші қабаттан 58 жастағы ер адам секіріп кеткен. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. ҚР ҚК 105-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.