13:22, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда еркін күрестен чемпионат мәреге жетті
ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында еркін күрестен облыс чемпионаты мәреге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сегіз салмақ дәрежесі бойынша болған сайыста жігіттер арасында Ақжайық ауданынан келген спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Мәселен, 50 килә салмақта Т.Қибалақов жеңімпаз атанса, 66 киләда А.Сәрсенғалиевке ешкім тең келген жоқ. Оралдағы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің З.Мұхамбетжанов, А.Әбдуғажиев сынды тәрбиеленушілері де озық шықты. Ақжайық ауданынан келген Ақерке Жанғалиева өз салмағында бас жүлдені еншіледі. Қыздардан сондай-ақ оралдықтар М.Иманбаева, Ә.Ерғалиева, Г.Қожағалиева, Е.Ларионова секілді арулар да үздік нәтиже көрсетті.