07:36, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Оралда есірткі сатушы ұсталды
ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Көкнәр» жедел-алдын алу шарасы барысында Оралдағы «Променад» сауда үйі маңында 1977 жылғы В. деген азаматтың алғашқыда 1,7 грамм, келесі күні 1,73 грамм героин сатқаны анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шілденің 10-ында есірткі сатушы «Ел ырысы» базары аялдамасында ұсталған кезде одан 2,2 грам героин тәркіленді. Мекенжайын тінту барысында 2,52 грамм героин тағы табылды.
Есірткі сатушының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.