18:20, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Оралда есірткі саудасымен айналысқан 34 жасар тұрғын ұсталды
ОРАЛ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - БҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында есірткі сатумен айналысқан Орал қаласының 34 жасар тұрғынын қолға түсірді.

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жедел іздестіру шаралары барысында аталмыш азаматтың 18 наурыз күні Әбілқайыр көшесі бойында сіріңке қорабына салынған 1,31 грамм кептірілген марихуананы өткізгені белгілі болды. 23 наурыз күні Құрманғазы көшесі бойында 0,9 грамм марихуананы тағы сатқан.
Күдікті ҚР ҚК 132-бабы бойынша Орал қалалық ішкі істер басқармасы уақытша оқшаулау абақтысына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.